-A A +A

Мақалалар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру - аса маңызды міндет»

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін,  қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр. 

Айыппұлдар әділетті болуға тиіс

Елбасының биылғы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауында  жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруді және кәсіпкерлік саласында  құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру керегін, сонымен қатар әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн деп көрсетті.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

         Жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы ҚР Азаматтық Кодексінің 155 бабына сәйкес  және ҚР 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуге жатады.

         Мемлекеттік тіркеудің жылжымайтын мүлікке байланысты өзге де объектілері «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»ҚР Заңында айқындалады.

Ел дамуының жаңа серпіні

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа  Жолдауында: «Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды» деп атап өткен болатын.

     Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болғандығын айрықша атады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін іске асырудың және қорғаудың бір механизмі өтініш беру болып табылады.

Басты мақсат – жемқорлықпен күресу

Елбасы Жолдауынджа мемлекетке «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет», - деген тапсырма берді. Осыған байланысты мемлекет алдында сыбайлас жемқорлықтың орын алу жағдайларын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту міндеті тұр.

Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау мәселелерін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілуде.

Қазақстан Республикасының  Дүниежүзілік сауда  ұйымына кіруі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету бойынша  жаңа  тапсырмалар қояды.

       Осы орайда Заң жобасымен  Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау мәселелерін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілуде.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қаблеттілік индексі көрсеткішін жақсарту

Бүгінгі күні  халықаралық эксперттердің пайымдауы бойынша, біздің еліміз тиісті реформаларды белсенді және сәтті жүзеге асырушы мемлекеттердің қатарына жатады. Осы орайда, Қазақстаннның барлық сала бойынша даму деңгейінің көрсеткіші өз еліміздің салалық мамандарының және стратегиялық орталықтардың талдауы бойынша емес, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтінгінің қорытындысы негізінде бағаланады.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік – заман талабы

Қазақстан Республикасының Әділет органдары Дүниежүзілік экономикалық  форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартудың негізгі  4 индекаторы бойынша жұмыстар жасауда. Атап айтқанда, «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын  жақсарту да жүктелген. Аталған көрсеткіштер Дүние жүзілік экономикалық форумда  жария етілді.

Беттер