-A A +A

Заңгерлер одағы

Заңгерлер одағының конференциясы өткізілді

19.10.2016 жылы қалалық «А.Тоқмағамбетов» атындағы мәдениет үйінде «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өткізілді. Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов модератор ретінде іс-шараны жүргізді. Конференцияда екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысының заңгерлерінің 100 пайыз дауыс беру негізінде Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Сапаров Қалдыбек Ерубайұлы Одақ төрағасы болып сайланды.