-A A +A

Халықпен жұмыс

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтау бойынша «Ашық есік» күні өтті

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау  мен сақтау бойынша  Шиелі аудандық Әділет басқармасы ғимаратында аудан кәсіпкерлеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.

     Ашық есікке  күніне басқарма басшысы Ұ.Оразгелдінің төрағалығымен  мемлекеттік кірістер басқармасының маманы А.Омарова, ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Ш.Женсикбаев, кәсіпкерлік палата кеңесшісі Е.Құлшықбаев қатысты.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 18 мамыры күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің ғимаратында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Оған Әділет департаментінің сот орындаушылары мен қалалық прокуратура қызметкерлері бірлесе, алимент төлемдерін төлемей жүрген борышкерлерге бос жұмыс орындарын ұсынып, қарыздарын өтеуге ықпал жасады.

Жалпы жәрмеңкеге 44 мекемеден 220 бос жұмыс орындары ұсынылып, нәтижесінде, 6 борышкер түрлі жұмыстарға жолдама алса, оның 3-уі өз еріктерімен жұмыстан бас тартты.

Арал ауданында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Арал аудандық Әділет басқармасының сала мамандарынан құралған тобы "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын ұйымдастырды.

Өткізілген кездесудің негізгі мақсаты -  азаматтардың барлық санатына қолдау көрсетіп, заң көмегін беру болып табылады. Акцияда қойылған сұрақтарға әділет басқармасы тарапынан толық жауаптар берілді. Жиынға барлығы 47 азамат қатысып, көкейтесті сұрақтарына жауаптар алды.

Арал аудандық Әділет басқармасы

«НАУРЫЗ МЕРЕЙІ» АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

«Жақсылық жасау – сауапты іс». Қызылорда облысының Әділет органдарының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16-17 наурыз күндері «Наурыз мерейі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Алдымен Отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, спорттық киімдер табысталып, тәттілер таратылды.  Шара барысы Қызылорда қаласы №2 облыстық балаларды оңалту орталығында жалғасын тауып, сол өмірдің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, мүмкіншіліліктері шектелген балалардың дамуын жетілдіруге арналған «Монтессори» әдісімен емдеу құралдары табысталып, сәбилер мол қуанышқа кенелтілді.

«Заңды түлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу (қайта тіркеу) кезінде артық құжаттарды қабылдауды талап етпеу мәселесі және оның алдын алу»

«Заңды түлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу (қайта тіркеу) кезінде артық құжаттарды қабылдауды талап етпеу мәселесі және оның алдын алу»