-A A +A

Зияткерлік меншікті қорғау мәселелері талқыланды

2017 жылдың қараша айының 03-ші жұлдызында Сырдария аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен  Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында кәсіпкерлік палата өкілдері және аудан кәсіпкерлерінің  қатысуымен семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты зияткерлік меншік саласындағы білім деңгейін көтеру және оқыту болып табылады.

Семинар барысында авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңына сәйкес, туындылардың құқықтарын мемлекеттік тіркеу тәртібі мен оларды қолданған жағдайдағы авторға сонымен қатар жалпы зияткерлік меншік құқығын бұзған жағдайдағы көзделген жауапкершіліктер жөнінде нақты түсініктер берілді.

Семинар сонында зияткерлік меншікті тіркеу сұрақтары талқыланды. Барлық қойылған сұрақтарына толыққанды жауап қайтарылды.

Сырдария аудандық Әділет басқармасы