-A A +A

«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы көрсеткішін жақсарту мақсатында » тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шиелі аудандық  әділет басқармасының  ұйымдастыруымен  28 қыркүйек күні суретші, журналистердің  қатысуымен   «Авторлық құқық және  сабақтас құқықтарды қорғаудың кейбір мәселелері» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

          Төрағалық етуші Ұ.Оразгелді дөңгелек үстелдің мақсаты  Қазақстан Республикасының дамыған елдер қатарына кіру бағытында ДЭФ ЖБҚИ-нің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикатор көрсеткішін  жақсарту мақсатында    Отандық туындылардың  қорғалуын қамтамасыз етуді алдын алу, «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларды мемлекеттік тіркеу»   көрсетілетін мемлекеттік қызметтің  жолдары  туралы кеңестер беру  және   құқықтық насихаттау болып  табылатынын айтты.

      «Көркем сурет» өнер мектебінің   директоры Р.Ибраев,  «Шарайна-  Сейхун»  газет баспасының   директор- редакторы Н.Елтай    өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

 

Шиелі аудандық әділет басқармасы