-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтау бойынша «Ашық есік» күні өтті

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау  мен сақтау бойынша  Шиелі аудандық Әділет басқармасы ғимаратында аудан кәсіпкерлеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.

     Ашық есікке  күніне басқарма басшысы Ұ.Оразгелдінің төрағалығымен  мемлекеттік кірістер басқармасының маманы А.Омарова, ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Ш.Женсикбаев, кәсіпкерлік палата кеңесшісі Е.Құлшықбаев қатысты.

     Жоғарыда аталған мамандар өз саласының құзіреті шегінде зияткерлік меншік құқығына қатысты ашық есікке келген аудан кәсіпкерлерінің сауалдарына  нақты жауаптар мен ақпараттар берді.

 

 

 Шиелі аудандық Әділет  басқармасы