-A A +A

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мәселелеріне қатысты «Ашық есік» күні өтті

       Шиелі аудандық  әділет басқармасының  ұйымдастыруымен  14 қазан күні  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» саласы бойынша  «Ашық есік» күні өткізілді.  Ашық есік күніне келген азаматтардың   Жылжымайтын мүлікке құқықтарды  тіркеуге қатысты  туындаған  сұрақтарына басқарма тарапынан заңгерлік-құқықтық кеңестер берілді.  Келушілерді мазалаған сұрақтары: Нотариалды куәландырылған  мәмілелер негізінде  жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы, сонымен қатар  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдері және  тіркеу мерзімін өткізіп алу  құқық бұзушылығы үшін заңда көзделген  әкімшілік  жауаптылық  туралы айтылып, басқарманың мамандары және тіркеуші инспекторымен ҚР заңдарына сәйкес  тиісті жауаптар берілді.

                                                                                           Шиелі аудандық әділет басқармасы