-A A +A

Жемқорлық – жегі құртпен тең

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 11-ші жұлдызында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің басшысы Қ.Рахметов, Жалағаш аудандық әділет басқармасының басшысы Қ.Бөлембаевтың қатысуымен Елбасы Жолдауының тоғызыншы міндеті Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі және «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» партиялық жобасы аясында «Жемқорлық жегі құртпен тең» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалында жастармен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлде төзбеушілік ахуалын қалыптастыру керектігін түсіндіру болып табылады.

 

Жалағаш аудандық Әділет басқармасы