-A A +A

Жеке сот орындаушыларымен жиналыс өтті

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының Басқарма Төрағасы С.М.Ли, Басқарма Төрағасының орынбасарлары Г.М.Абдрахманов., Д.Д.Исмаилов, Республикалық палатаның жанындағы Оқу орталығы директорының орынбасары Т.М.Данабаев, Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы орынбасырының міндетін атқарушы Ж.Д.Абсаттың, Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Н.Д.Саймовтың және жеке сот орындаушыларының қатысуымен жергілікті жеке сот орындаушыларының 2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша жиналыс өтті.

Республикалық палата басшылығы жергілікті жердегі жеке сот орындаушыларының жұмыстарымен жеке жеке танысты, сондай-ақ, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірмелер берілді, пікір-алмасып, жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамытуда туындап отырған мәселелерге байланысты қиындықтарды бірлесе отырып шешу жолдары айқындалды.

 

Қызылорда қаласы, 11 қазан 2017 жыл.