-A A +A

ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМДАҒЫ БӨТЕН ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 17 қарашада Арал аудандық әділет басқармасының ғимаратында  аудандық жекеше нотариустар мен жеке сот орындаушылардың қатысуымен заңсыз айналымдағы бөтен тауар белгілері бойынша семинар өткізілді.
          Семинардың мақсаты – заңсыз айналымдағы бөтен тауар белгісі, тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактілері бойынша жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Семинарда «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану» туралы ҚР Заңының талаптарын үнемі қатаң сақтау керектігі  және күнделікті жұмыс барысында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда шағын кәміпкерлік субьектісіне 30,  орта кәсіпкерлік субьектілеріне 40, ал, ір і кәсіпкерлік субьектісіне 100 айлық есепті көрсеткіш айыппұлдар салынатындығы туралы айтылып өтті.

                                                                                                             Арал аудандық әділет басқармасы