-A A +A

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» » мәселелеріне қатысты «Ашық есік» күні өтті

2017 жылдың   20 қараша күні  Шиелі аудандық  әділет басқармасында ХҚКО-ы қызметкерлерінің қатысуымен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» саласы бойынша  «Ашық есік» күні өткізілді.  

   Заңды тұлғалардың атауының өзгеруіне, құрылтайшылар құрамының өзгеруіне,  орналасқан жерінің өзгеруіне  байланысты құрылтай құжаттарын рәсімдеу және оларды мемлекеттік тіркеуге ұсыну туралы мәселелер талқыланып, «Ашық есік» күніне келген азаматтарға тиісті сала мамандарымен   ҚР заңда көрсетілген талаптарына сай  жауаптар берілді.  

 

  Шиелі аудандық әділет басқармасы