-A A +A

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша семинар өтті

Бүгін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.  Жиынға  Жаңақорған ауданының Әділет басқармасының қызметкерлері және аудандық нотариустар қатысты. Жаңақорған ауданының Әділет басқармасының басшысы Т.Искаков семинарды ашып, күн тәртібіндегі мәселені түсіндірді. Басқарманың бас маманы Г.Дюсенбаева және жеке нотариус Б.Ержанова баяндама оқыды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан  толық жауап берілді.

Жаңақорған ауданының Әділет басқармасы