-A A +A

Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу

2017 жылдың 22 қарашасы күні Сырдария аудандық Әділет басқармасымен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» Департаментінің Сырдария аудандық бөлімінің қызметкерлеріне арналған "Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.  

 Семинар барысында Сырдария аудандық Әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Бөлембаев Қазақстан Республикасының заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеудің заң талабын түсіндіріп, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезіндегі құжаттарды тіркеу барысында кездесетін мәселелерге тоқталып өтті.

Сондай-ақ семинарда ХҚКО инспекторларымен артық құжаттарды талап етпеуі және заңға сәйкес құжаттарды толық қабылдауы, тұрғындар тарапынан шағымдар санының азаюына түрткі болатындығы айтылып өтті.

 Семинарда қойылған барлық сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

Сырдария аудандық Әділет басқармасы