-A A +A

Заң жобасын түсіндіруге бағытталған брифинг өтті

Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен БАҚ-қатысуымен брифинг өтті. Брифингке Әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров, қалалық Әділет басқармасының басшысы Манат Бисембаев, департаментің бөлім басшылары, адвокатар, нотариустар, жеке сот орындаушылары қатысты. 

Әділет министрлігімен әзірленген "Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы" Қазақстан Республикасының заңы жобасына түсіндірмелер берілді.

Заң жобасы заң қызметтерінің қол жетімділігі мен оның сапасын арттыруды, адвокатура институтын нығайтуды, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыруды, адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу, заң қызметтерінің барлық кешенін реттеуді, азаматтардың жекелеген санаттарының заң қызметтерін ақысыз негізде көрсетуді көздейтін «pro bono» (қоғам игілігі үшін) принциптеріне заң қызметтері институтын кеңейтуді және басқаларды көздейді.

Қазіргі таңда жеке практикамен айналысатын заңгерлердің қызметі еш бір заңмен реттелмеген. Әр бір заңгер дипломы бар азамат тәжірибесіне қарамай сот істерінде өкіл ретінде қатысуда, яғни ол көмектің сапасына ешкім  кепіл бермейді, және жауапкершіліктері қарастырылмаған, сондықтан азаматтар тарапынан заңгер атауына шағымдар жиі түсуде, ал  аталған заңмен жеке практикамен айналысатын заң кеңесшілерінің қызметін реттеуді мақсат етіп отыр. Заң кеңесшілерден түратын палата құрып оның қызметтерінің талаптары белгіленіп, тек сол палата мүшелігіндегі заң кеңесшілері сот істеріне қатысу, яғни азаматтар, заңды тұлғалар тарапынан уәкілдік ету құқығына иеленбек.  

 

Қызылорда облысының Әділет департаменті