-A A +A

Заң жобасы түсіндірілуде

«Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы" Қазақстан Республикасының заңы жобасын түсіндіру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» департаментінде мекеме қызметкерлерінің,  облыс жастарының қатысуымен кездесу өтті. Әділет департаментінің бөлім басшысы М.Ермекбаев аталған заң жобасы туралы баяндама оқып, түсіндірмелер берді. Заң жобасы бұдан 20 жыл бұрын қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» Заң негізінде және қазіргі заман талабын ескере отырып әзірленген.

Сондай-ақ, жоба мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету нормаларымен қатар, жеке кәсіп ететін заңгерлердің қызметі туралы кешенді нормаларды қамтиды, «заң кеңесшісі» деп аталатын жеке кәсіп етуші заңгерлердің қызметі палатаға біріктірілмек, кешенді әлеуметтік заң көмегі деп аталатын Pro bono (пробоно) негізінде заң көмегін көрсету енгізіледі.

Іс-шара барысында пікір алмасып, жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Д.Ізбасарұлы сөз сөйлеп, облыс жастарының аталған жобаны қолдайтынын білдірді.

Қызылорда қаласы, 11 қыркүйек 2017 жыл.