-A A +A

ЗАҢ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Үстіміздегі жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында Әділет департаментінің бөлім басшысы М.Ермекбаев «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету тиуралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша түсіндірме берді.  

Бүгінгі күні Республика бойынша адвокаттар саны 4500-ден астам болып тұр. Орташа есеп бойынша республика бойынша 1 адвокатқа 4000 азамат келеді. Италияда ол көрсеткіш 1 адвокатқа - 260 азаматты, Германияда - 500 азаматты және Великобританияда 900 азаматты көрсетіп отыр.

Жиын аяғында пікір алмасып, сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

 

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі