-A A +A

Заң жобаларының Тұжырымдамалары түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні Арал аудандық әділет басқармасында басқарма қызметкерлерінің, аудандық жекеше нотариустар және жеке сот орындаушыларыдың қатысуымен "Заң көмегі туралы" және "Заң көмегі мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен  толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңдарының жобалары Тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде басқарма басшысы З.Айтжанова Әділет министрлігімен әзірленген заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған "Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы" Заң жобасында адвокаттар тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған, «pro bono» практикасын, «Е-адвокатура» ақпараттық жүйесін енгізу,заңды кеңесшілердін құқықтық мәртебесін заңнамалық бекіту, білікті заң көмегін алу үшін азаматтардың конституциялық құқықтарының тетігін одан әрі жетілдіруі туралы атап өтті.

                                                                                                      Арал аудандық әділет басқармасы