-A A +A

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 17 қарашада Қызылорда облысының Әділет департаментімен Әділет департаменті жанындағы заң қызметтерін Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Үйлестіру Кеңесі отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды, оның ішінде 1 мәселе жоспардан тыс.
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың кейбір мәселелері туралы.
2. Төтенше жағдайды жариялау және оған мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлудің тәртібі туралы.
3. «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша туындаған сұрақтарға қатысты жауаптар беріліп, нақты шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі