-A A +A

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Қызылорда облысының Әділет департаменті мен Қызылорда облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлесіп «Коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпия мәліметтерге қол жеткізу жағдайында сот орындаушыларының әділдігін қамтамасыз етудің проблемалары» тақырыбында дөңгелек ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі әдеттегі сыбайлас жемқорлықтың түрлерін анықтау, жергілікті мемлекеттік органдардың сатып алуы кезіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуге әрбір азаматты тарту болып табылады.

Шараға аталған Департаменттер қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында Атқарушылық іс жүргізу азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, қорғау түрлері мен сот орындаушылардың жұмысында сыбайлас жемқорлық қауіптерді жоюды, сот актілерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының бұзулуына жол берген мәселелер туралы және оларды шешу жолдары белсенді талқыланды. Сондай-ақ,  қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тек мемлекеттік қызметте ғана емес сонымен бірге, жалпы қоғамда қалыптастыру мәселелері бойынша өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

 

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі