-A A +A

Семинар сабағы өткізілді

Еліміздегі ДЭФЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту мақсатында зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша қараша айының 28-ші жұлдызында Қазалы аудандық Әділет басқармасымен семинар сабағы ұйымдастырылып, өткізілді.

Шараға, кәсіпкерлік палатасының Қазалы аудандық филиалының қызметкерлері, аудан кәсіпкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері қатыстырылды.

Семинарда, еліміздегі қолданыстағы заңдарға енгізілген өзгерістер бағытында және де бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалануды болдырмау, ол үшін заңға сәйкес жауапкершіліктің туындайтыны  туралы түсіндірмелер жасалды.

Қазалы аудандық Әділет басқармасы.