-A A +A

Республикалық қоғамдық бірлестік «Абырой Авторлар Қоғамы» және «Қазақстан зияткерлік меншік құқықтарын басқару қоғамының» уәкілдерімен дөңгелек үстел өтті.

Шиелі аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен аудандық кәсіпкерлік палата ғимаратында ДЭФ ЖБҚИ-нің рейтингісінде «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында   аудандағы  көңіл көтеретін орындарының (тойхана, мейрамхана, кафе) басшыларына  зияткерлік меншік саласында  авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бағытында  Республикалық қоғамдық бірлестіктермен өз қалаулары бойынша  лицензиялық  шартқа тұру жұмыстарын  насихаттау жүргізілді.

        Дөңгелек үстелдің мақсаты - коммерциялық мақсатта жарияланған  фонограмманы (әндерді) қоғамдық бірлестіктермен лицензиялық шартқа тұрмай, тиісті сыйақыны төлемей сабақтас құқық объектілерін пайдаланып келе жатқан көңіл көтеретін орындардың иелеріне «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заңының талаптарын бұзудың жауапкершілігі ҚР Қылмыстық кодексінің 198 –бабында қарастырылғандығы ескертілді.

                                                                                           

Шиелі аудандық Әділет басқармасы