-A A +A

Облысымызда хоккей спорты дамуда

Қызылорда облысының спорт және туризм басқармасының алдыңғы басшысы С.Мұстафаевтың ұйымдастыруымен хоккей спортына қызығушылар арасынан 4-5 команда құрылған. Оның ішінде, Байқоңыр қаласы тұрғындарынан бір команда құрылса, жас өспірімдерден және хоккей спорт түріне мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары да бар. Төзімділік пен қайсарлылықты, сондай-ақ жылдамдықты талап ететін бұл ойын түріне Әділет органдары арасынан Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Қ.Сапаров пен Қызылорда облысының бағалаушылар палатасының басшысы Д.Досмамбетов белсене қатысады. Қазіргі таңда аталған командалар әр аптаның дүйсенбі, жұма күндері жүйелі түрде достық кездесулер ұйымдастырып, ойындар көрсетуде. Әр ойын барысы қызықты да тартысты өтеді.

Спорт-денсаулық кепілі!

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі