-A A +A

Нотариустармен семинар өтті

Үстіміздегі жылдың 7 қарашасында Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Нотариустармен куәландырылған мәмәлелердің сот тәртібімен бұзылуы бойынша сот дауларын азайту үшін мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Әділет департаментінің өкілдері және жекеше нотариустар, адвокаттар қатысты.

          Нотариустармен куәландырылған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сот актілерін зерделеу барысында көп жағдайда шарттың бұзылуына негіз болған, тараптар арасында мүліктерді ақша беріп сатып алу-сату болмағандығын, яғни, осыған орай сот құқықтық салдар жасау ниетінсіз, те алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп тануына байланысты талап арыздар қанағаттандырылған.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі