-A A +A

Нотариаттық іс-әрекеттің бір түрі - атқарушылық жазбаларды жасау бойынша семинар өтті

Үстіміздегі жылдың 11мамыр күні Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Нотариаттық іс-әрекеттің бір түрі - атқарушылық жазбаларды  жасау бойынша семинар өтті.

          Семинарға Әділет департаментінің қызметкерлері, нотариустар, жеке сот орындаушылар қатысты.

          Қызылорда облысының Әділт Департаментіне құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы А.Қосбергенова баяндама жасап, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді. Пікірлер алмасылып, семинар қорытындысымен ұсыныстар енгізілді.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі