-A A +A

Назар аударыңыз! Республикалық «Шапағат» форумы өз жұмысын бастады!

«Шапағат» форумы бұл:

  • Өнертабыстар жәрмеңкесі
  •  «Шапағат» өнертапқыштар байқауы
  •  «Болашақ сенің қолыңда:ойлан тап тажасампаз бол» тақырыбында оқушылар арасындағы ең үздік эссе байқауы

 

Ұйымдастырушылар -  ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

 

Өнертабыстар жәрмеңкесі тұрақты негізде жұмыс жасайды. Жәрмеңке 2017 жылдың 26 сәуірінен бастап ашық.

 

«Шапағат»  өнертапқыштар байқауына өтінімдер (бейне роликтер)  беру мерзімі: 2017 жылдың  26 сәуірінен  26 маусымға  дейін

Дауыс беру: 2017 жылдың  27 маусымынан 30 қыркүйегіне дейін

Қорытындылау: 2017 жылдың 15 қазаны

Байқауға қатысушылар:өнертабыс, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілердің патент иелері 

 

«Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол»  оқушылар арасындағы  байқауға жұмыстарды  (эсселерді) беру мерзімі: 2017 жылдың 26 сәуірі мен 30 қыркүйегі аралығында

Қорытындылау: 2017 жылдың 15 қазаны

Байқауға қатысушылар: Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқущылары

 

Толығырақ ақпаратты http://shapagat.kazpatent.kz/сайтынан ала аласыздар

                            

           Қатысуға шақырамыз!