-A A +A

Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті

05 маусымда Қызылорда облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиын өтті.  

Әділет департаментінің басшысы шараны ашып, мемлекеттік мерекемен құттықтап, өз сөзінде рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленетіндігін, оларға биік мәртебе берілетіндігін, сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі – әрбір республика азаматтарының парыз екендігін айтып өтті.  

Департаменттің бөлім басшысы Г.Жалғасбайқызы баяндама жасап, рәміздердің мемлекеттік нышандары ретінде бекітілгенін, оның маңыздылығын сөз қылып тарихына тоқталды.  

Жиын барысында Департамент басшысының орынбасары И.Бәкішева «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен Арал ауданының мемлекеттік сот орындаушысы Г.Сұлтанованы марапаттаса, Әділет министрінің грамотасы мен алғыс хатына Қазалы әділет басқармасының басшысы Р.Абдиршев пен мемлекеттік сот орындаушы Л.Қанатбаева ие болды.

Сондай-ақ, әділет органдарының  қызметкерлері облыс әкімінің және облыстық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы әр қашан желбірей берсін, «Менің Қазақстаным» атты ұлы Гимн әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей бергей!