-A A +A

Мемлекеттік қызметкерлер арасында өңіралық жүгіру марафоны өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен Мемлекеттік қызметшілердің белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысында жас мемлекеттік қызметшілерінің өңіраралық слеты аясында 12-13 мамыр аралығында 30 жасқа толмаған жас мемлекеттік қызметшілер арасында өңіраралық спорттық жарыстар марафоны өтуде.
Қызылорда облысы Әділет департаментінің қызметкерлері де марафонға атсалысып, жарыс қорытындысымен жүгіруден әріптесіміз Құдайбергенова Нұргүл Бақытбекқызы ІІІ-орынды иемденіп, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы А.Мұхимов пен Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Мұстафаевтың атынан медаль мен диплом табысталды.
Топты жарып, жүлдегер атанған әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтап, спортта бұдан да биік жетістікке жетуіне тілектестігімізді білдіреміз.

Қызылорда қаласы, 12 мамыр 2017 жыл.