-A A +A

Латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған жиналыс өтті

Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаментінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Әліпбиді алмастыру – уақытында жасалған шешім» тақырыбымен латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған жиналыс болып өтті.

Жиналысқа Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «Тілдерді оқыту орталығының» қызметкері Б. Байділдаева қатысып, алдыңғы кезекте  қазіргі күні латын әліпбиіне көшу мәселелері бойынша облыс, қала, аудан көлемінде жүріп жатқан түсіндірме жұмыстарының мақсатымен таныстырды.

Жиналысқа қатысушылар тарапынан қойылған жақын болашақта қазіргі қолданыстағы әліпбиді алмастыратын латын әліпбиіне көшу қай тұрғыдан тиімді, еліміздің келешегіне, өскелең ұрпаққа, еліміздің дамуына не береді, қазақ тілінің келешегіне әсері қалай болады деген сұрақтарға  орталық қызметкері дәйектерге сүйене отырып жауап берді.

 

Қызылорда қаласы, 3 қазан 2017 жыл.