-A A +A

ҚР Парламенті Сенатының депутатымен кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Құсдәулетов Дулат Рашидұлы мен Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Басқармасының төрағасы Ли Сергей Михайлович Қызылорда облысының Әділет департаментіне келіп, департаменттің тыныс тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, жергілікті жердегі жеке сот орындаушыларымен кездесіп, жиын барысында жеке сот орындаушыларының қызметінде туындап отырған мәселелер бойынша сөз қозғалды, сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Қызылорда қаласы, 27 қараша 2017 жыл.