-A A +A

ҚР парламенті сенатының депутаттары Сыр елінде

Бүгін  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бір топ депутаттары түрлі сала өкілдерімен кездесті. Жиында өткен жылы қабылданған Заң жобаларына депутаттар түсіндірмелер беріп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ел қалаулылары болашаққа бағдар жасай отырып, рухани жаңғыру идеясын жүзеге асыру аясында әрбір азаматты жауапкершілікке, әсіресе жастарды мемлекет дамуына үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ, рухани жаңғыру аясында әртүрлі елдерден келіп жатқан келеңсіз жайлардан арылу мәселесі, сананы жаңғырту мәселесі, ұлттық құндылықтарды білу мәселесі, сонымен қатар, ата-бабамыздан келе жатқан өсиет-өнегемізді қайта көтеру мәселелері сөз болды.

 

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі.