-A A +A

Қазалы ауданында көрме өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айының 18-ші жұлдызында Қазалы ауданында аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен зияткерлік меншік саласын дамыту сондай –ақ, аудан көлеміндегі дарынды, шебер оқушыларды анықтау, оларды қолдау мақсатында аудандық Оқушылар үйінде  «ЭКСПО -2017 балалардың  көзімен» атты көрме өткізілді.

Көрменің мақсаты –жас жеткіншіктерді өнерге деген қызығушылығын ояту,

шығармалығын арттыру, икемділікке, ұқыптылыққа тәрбилеу болып табылды. Шара  барысында  дарынды,  шебер оқушылардың жеңімпаздары анықталып, Әділет басқармасы  тарапынан  өнерлі  балаларға  алғыс хаттар мен сый -сыйапатар  тапсырылды.                                                                             

Қазалы аудандық Әділет басқармасы