-A A +A

Қазалы ауданында футболдан турнир өтті

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Қызылорда облысы Әділет департаментінің футбол командасы «Экспо-2017» халықаралық көрмесін насихаттау мақсатында Қазалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарындағы мемлекеттік қызметшілерден құрылған футбол командалары арасында өткізілген турнирге қатысты. Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортты насихаттау.

Турнир жоғары деңгейде өтіп, әр команда ойыншылары жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.

Әділет департаменті осындай ауқымды шара ұйымдастырған Қазалы ауданының әкімдігіне алғысын білдіреді.

Қызылорда    облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі