-A A +A

Қазалы аудандық Әділет басқармасында дөңгелек үстел өтті

Қазалы  аудандық Әділет басқармасымен,  желтоқсан айының 22-сі күні «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына түсіндірме жасау бағытында мүдделі тараптардың, сарапшы мамандардың, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатсуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып,  өткізілді. Шарада бағалау қызметі саласындағы заңнамаға халықаралық стандарттарды енгізу арқылы қызметтерді реттеудегі және бағалау қызметінің сапасын жақсарту үшін бағалау қызметімен айналысатын үміткерлерді сынақтан өткізу механизімдерін жетілдірудегі қабылданатын нормалар жайында түсіндірмелер жасалып, қатсушылар өз пікірлерімен бөлісті.

                                                                                      Қазалы аудандық Әділет басқармасы