-A A +A

Қазалы аудандық әділет басқармасында дөңгелек үстел өткізілді

Қазалы аудандық Әділет басқармасымен қараша айының 29-шы жұлдызында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мақсатында "Сабақтас құқықтарды қорғау және құқық иегерлерімен шартқа тұру мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.                                                         Шараға қоғамдық ұйым өкілдері және жергілікті қоғамдық телеарна өкілдері қатыстырылды. Отырыста ҚР-ның авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының аясында және де сабақтас құқықтардың еліміздегі қорғалу мәселесі жайлы айтылды. Сонымен қатар, авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін ҚР-ның заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтардың туындайтындығы туралы түсіндірмелер жасалды.

Қазалы аудандық Әділет басқармасы.