-A A +A

Қазалы аудандық Әділет басқармасымен семинар өтті

Қазалы аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың мамыр айының 22-ші жұлдызында Қызылорда облысының кәсіпкерлер   палатасының   Қазалы   ауданындағы  филиалы өкілдерінің және аудандық прокуратура қызметкерлерінің, аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен  семинар өткізілді.

 Семинардың мақсаты - еліміздегі зияткерлік меншік саласын дамытудағы заңнаманы жетілдіру бойынша қабылданған оң өзгерістер мен шараларды терең меңгеру  және  жүзеге асыру болып табылды.

 Шара барысында қатысушылар тарапынан аталған бағыттағы заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде, олардың тиімді тұстары бойынша тұшымды пікірлерін  ортаға салып,  алдағы уақытта  бірлесіп атқарылатын  шаралар  барысын  айқындады.                                                                            

Қазалы аудандық Әділет басқармасы