-A A +A

«Электронды қызмет көрсетуге көшу – жемқорлықты жоюдың басты құралы» тақырыбында конференция өтті

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен  «Электронды қызмет көрсетуге көшу – жемқорлықты жоюдың басты құралы» тақырыбында конференция өтті. Бүгінгі таңда дүниежүзінің дамыған елдеріндегідей елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.

Аталған конференцияға жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар Әділет департаментінің қызметкерлері де қатысты.

Іс-шарада Әділет департаментінің басшысының орынбасары И.Бәкішева баяндама оқып, Қазақстан халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығына тоқталып өтті.

           

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі