-A A +A

«Экспо-2017» аясында көрме-конкурсы ұйымдастырылды

Бүгін «ЭКСПО-2017 - болашақ энергиясы» тақырыбында  Қызылорда облысының Әділет департаменті мен облыстық жастар ресурстық орталығы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесіп Қызылорда облыстық көркем сурет галереясында жас қолөнершілер мен суретшілердің   өкілдерімен «Қолөнер бұйымдары», «Жас шебер», «Жас суретші» номинациялары бойынша көрме-конкурсын өткізді. Жиынды  Әділет  департаментінің басшысы Қ.Сапаров  сөз сөйлеп ашты.

         Негізгі мақсат – жастарға ЭКСПО-2017 көрмесінің маңызын түсіндіру, «Жастар - біздің болашағымыз» бағытын ұстанып, жастардың    шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың  Отанға, туған ел мен жерге   патриоттық сезімін  ояту, өз еңбектерімен жасаған шығармашылық туындыларының авторлық құқығын қорғау мәселелерін  түсіндіру болып табылады.

Сондай-ақ, шара барысында «Балалар көрмесінің байқауы» өткізіліп,   жас суретшілер  ЭКСПО-2017 көрмесі аясында  оқушылар суреттен сыр шертті.   Студенттер топтама сән үлгілерін көрсетіп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

          Конкурс қорытындысымен номинациялар бойынша   1,2,3 орын иелері дипломдар, алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

 Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі