-A A +A

«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек  Жаңақорған ауданының Әділет басқармасының сала мамандарынан құралған тобы "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясын өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты - азаматтардың барлық санатына қолдау көрсетіп, заң көмегін беру болып табылады. Іс-шараға «Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Н.Жакудаев,  мемлекеттік сот орындаушы, жеке нотариус қатысып, азаматтарға құқықтық көмек көрсетті. Акцияда қойылған сұрақтарға Әділет басқармасы тарапынан толық жауаптар берілді. Тұрғындарды толғандырған сұрақтардың басым бөлігі жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлға саласы бойынша және сот орындаушылар саласындағы алимент мәселесі туралы болды. Жалпы жиын барысында  тұрғындарға құқықтық қызмет көрсетілді. 

Жаңақорған ауданының әділет басқармасы.