-A A +A

«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтті

22.09.2017 жылы  «Заң көмегі туралы» және «Заң көмегі мәселесі бойынша  ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Медиа жоспарына сәйкес Шиелі аудандық  әділет басқармасымен  «Нұр Отан» партиясы филиалында   аудан прокурорының, ХҚКО-ның басшысының қатысуымен    заңгерлік көмек беру мақсатында   «Әділет кеңес береді» атты  республикалық  акциясы аясында халықпен кездесу ұйымдастырылды.

     Кездесу барысында  аудан тұрғындарын ойландырған мәселелеріне заңгерлік көмек  көрсету бойынша заң саласында ақпараттар мен бағыт -бағдар берілді.

    Алдағы уақытта да   Әділет басқармасымен тіркеу қызметтері бойынша, құқықтық түсіндіру қызметі бойынша заңгерлік кеңестер, құқықтық насихат жұмыстары жүргізіліп отыратын болады.

Шиелі аудандық әділет басқармасы