-A A +A

«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ»

Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаменті мен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы бірлесе «Әділет кеңес береді» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізді. Жиынға мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, адвокаттар, жекеше нотариустар мен бағалаушылар палатасы өкілдері қатысып, қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Мақсат тұрғындардың азаматтық сана-сезімі мен құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға кәсіби құқықтық көмек көрсету.        

«Әділет кеңес береді» акциясы тоқсан сайын ұйымдастыру жоспарланған. Мамандарға қойылған сұрақтар сан алуан. Тұрғындар тарапынан көбіне алимент төлемдерін борышерлерден өндіру мәселелері болды. Қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан қолданыстағы  заңнамаларға сәйкес түсіндірмелер берілді.

        

Қызылорда қаласы, 23 қараша 2017 жыл