-A A +A

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 18 мамыры күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің ғимаратында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Оған Әділет департаментінің сот орындаушылары мен қалалық прокуратура қызметкерлері бірлесе, алимент төлемдерін төлемей жүрген борышкерлерге бос жұмыс орындарын ұсынып, қарыздарын өтеуге ықпал жасады.

Жалпы жәрмеңкеге 44 мекемеден 220 бос жұмыс орындары ұсынылып, нәтижесінде, 6 борышкер түрлі жұмыстарға жолдама алса, оның 3-уі өз еріктерімен жұмыстан бас тартты.

Бүгінде отбасын тастап, балалары алдындағы жауапкершіліктен безген әкелердің қатары азаяр емес. Ең өкініштісі өз балаларына немқұрайлылық танытып, олардың алдындағы міндеттеріне бей-жай қарайтынында болып отыр.
 

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі