-A A +A

Байқоңыр қалалық Әділет басқармасының басшысы «60 жылдық» естелік медалімен марапатталды

Байқоңыр қаласында ағымдағы жылдың қазан айының 4-ші жұлдызында  алғаш жасанды спутниктің көкке көтерілгеніне 60 жыл толуына орай бірнеше мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Айтулы мерекеге байланысты қазан айының 16-шы жұлдызында Ресей федерациясының құзырына қарасты Байқоңыр қалалық әкімдігінің басшысы К.Д.Бусыгин осы аймаққа қызмет еткен бірнеше ел азаматтарын Байқоңыр қаласының дамуы жолында және қала халқының бірлігін сақтауда атқарған еңбектері үшін «60 жылдық» естелік медалімен марапаттады. Олардың қатарында Байқоңыр қалалық Әділет басқармасының басшысы, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалінің иегері Нұрдаулет Панаұлы Орымбаевта болды.    

                                     Байқоңыр қалалық Әділет басқармасы