-A A +A

Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

          Қызылорда қаласындағы құқық қорғау қызметі орталығында әр айдың соңғы аптасының бейсенбі күні сағат 11:00-12:00 аралығында орталыққа келген тұлғаларға жеке қабылдау жүргізу үрдіске айналған. Мұнда жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер прокуратура, ішкі істер, әділет органдары, әкімдік қызметкерлерінен, адвокаттардан, медиаторлардан қажетті кеңестер ала алады.

          Бүгінгі күні Әділет департаменті азаматтарға құқықтық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіре түсу үшін және әрбір адам орталыққа келіп, проблемалары бойынша нақты нәтиже алу үшін жұмыс жасауда. Аталған жиында  Әділет департаментіне 3 жеке тұлға келіп, өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, департамент басшысынан тұщымды жауаптарын алды.

 

Қызылорда облысының Әділт департаментінің баспасөз қызметі