-A A +A

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ

Ағымдағы жылдың 20 қарашада Арал аудандық әділет басқармасының ғимаратында Зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша "Авторлық құқықты қорғау"  атты акция өткізілді. 
        Шараға келушілерді басқарма басшысы З.Айтжанова мен зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша маманы Г.Смағұлова  қабылдады. Кеңес алуға келген бірнеше адамдарға қойылған сұрақтарына жауаптар беріліп және де өзінің ойлап тапқан туындысына яғни, электрондық жаңа нұсқадағы сағатына патент алу жолын сұраған жеке тұлға- М.Абдуллаевқа толық, нақты, қанағаттанарлық  кеңес берілді. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, басқарма қызметкерлеріне жұмыстарына сәттілік тіледі. 

                                                                                                             Арал аудандық әділет басқармасы