-A A +A

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығының мәжіліс залында аударма және терминология мәселелері тақырыбында облыстық семинар өтті.  Семинарға аумақтық департаменттер мен инспекциялардың тіл саясатын жүргізуге жауапты мамандары қатысты.

Жиын барысында «Терминологияны жүйелеу, тіл дамытудың басты шарттары, термин және аударма мәселелері, аударма ісінің қазіргі жай-күйі және проблемалары, іс-қағаздарындағы емле ережелерінің сақталуы, жаңа әліпби мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған жақын болашақта қазіргі қолданыстағы әліпбиді алмастыратын латын әліпбиіне көшу қай тұрғыдан тиімді, еліміздің келешегіне, өскелең ұрпаққа, еліміздің дамуына не береді, қазақ тілінің келешегіне әсері қалай болады деген сұрақтарға  тиісті мамандар жауап берді.

Семинар соңында қатысушыларға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысылығы атынан сертификаттар табысталды.

 

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі