-A A +A

«Ашық есік күні» өтті

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» департаментінде түске дейін тұрғындар өзін мазалаған мәселе бойынша заң тұрғысында кеңес алды. Көрс

етілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оңтайландыру, сондай - ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әр сала өкілдерінен құралған қоғамдық қабылдау, яғни «Ашық есік күні» өтіп, тұрғындарға құқықтық қызмет көрсетілді. Шараға Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ж.Абсат, қалалық Әділет басқармасының басшысының орынбасары С.Ибраев, мемлекеттік қызмет істері, жер қатынастары мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысып, азаматтардан келіп түскен сұрақтарына жауаптар беріп, жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік органдардың тарапынан әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығын, әрекеттерін (әрекетсіздігін) дауласу мәселелері, меншік құқығы және даулы сұрақтарды шешу мәселелерін қарастырды.  Ұдайы өтетін ашық есік күнінің мақсаты — халықтың заң тұрғысында сауаттылығын арттыру болып табылады.

         Тұрғындардың көпшілігі сот орындау саласы, әсіресе  алимент төлемдерін өндіру, мүлікті жекешелендіру және оны тіркеу турасындағы сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптарын алды.

 

Қызылорда қаласы, 06 қазан 2017 жыл.