-A A +A

Арал аудандық Әділет басқармасында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 09 қарашасы күні Арал аудандық әділет басқармасында "ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі" талаптарын басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне түсіндіру мақсатында семинар өтті. Семинарда басқарма басшысы З.Айтжанова мемлекеттік Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Елбасының саясатын ұстануға және оны дәйекті түрде жүзеге  асыруға  тиіс деп атап  өтті.Басқарма басшысы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандартын қалыптастыру және оларды орындауды жүйелі түрде бақылау халықтың  мемлекетке деген сенімінің арта түсуіне, мемлекеттік қызметте қарым-қатынасты мәдениеттің қалыптасуына, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң ережелерінің және қызметтік әдептің бұзылуының алдын алуға септігін тигізетіндігін айтып өтті.

Арал аудандық әділет басқармасы