-A A +A

Арал аудандық Әділет басқармасында "Ашық есік" күні өтті.

Ағымдағы жылдың 03 қарашасы күні Арал аудандық әділет басқармасында ашық есік күні өткізілді. Шараға басқарма мамандарымен қатар "Азаматтарға арналған үкімет" КЕМК "Жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізу" департаментінің Арал аудандық бөлімшесінің және аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандары қатысты. Аудан тұрғындары өзін мазалаған мәселе бойынша заң тұрғысында кеңестер алды.             Ашық есік күнінің мақсаты- халықтың заң тұрғысында сауаттылығын арттыру болып табылады.

Арал аудандық Әділет басқармасы