-A A +A

Алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің мүліктері тәркіленді

Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаменті мен өңірлік жеке сот орындаушылары брлесіп, түрлі себепті желеу етіп, алимент төлемей жүрген борышкерлердің дүние-мүлкін тәркілеп, қарызды мәжбүрлі түрде өндіріп алу  мақсатында рейд ұйымдастырылды. Шара барысында Қ.К есімді борышкердің үйіне барып, теледидар мен су тазартқыш құрылғысы  тәркіленді. Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге мемлекеттік сот орындаушысының ұсынысымен қалалық  соттың ұйғарымы негізінде іздеу жарияланып, көші-қон полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қасақана жасырынып жүрген борышкерлердің тұрғылықты мекен-жайлары анықталды.

Басты мақсат – борышкердің мал мүлкін тартып алу емес, тірі жетім қалған шарасыз балалардың заңды құқықтарын қорғау болып табылады.

Сот орындаушылырымен алдағы уақытта мұндай шаралар ай сайын өткізіп отыру жоспарлануда.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі