-A A +A

«АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ" ЗАҢ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 Бүгін Әділет департаментінің мәжіліс залында Департамент қызметкерлері мен ішкі істер департаментінің, кірістер мен прокуратура органдарының, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық, ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара барысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы" Қазақстан Республикасының заңы жобасына түсіндірмелер берілді. Заң жобасы бұдан 20 жыл бұрын қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» Заң негізінде және қазіргі заман талабын ескере отырып әзірленген.

Сондай-ақ, жоба мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету нормаларымен қатар, жеке кәсіп ететін заңгерлердің қызметі туралы кешенді нормаларды қамтиды, «заң кеңесшісі» деп аталатын жеке кәсіп етуші заңгерлердің қызметі палатаға біріктірілмек, кешенді әлеуметтік заң көмегі деп аталатын Pro bono (пробоно) негізінде заң көмегін көрсету енгізіледі.

Қызылорда қаласы, 21 қараша 2017 жыл.